ӨСИЕТ
Көмiндер менi өлген соң
Сүйікті туған елімде.
Қазылсын қабырым кең байтақ
Украинамның жерінде,
Жатайын биік қорғанда
Кеүдемді кернеп жалыным.
Жатайын тындап құдіретті
Днепрдің сарынын.
Ақса қаны дұшпанның
Украиннан езілген.
Ағызса оны Днепр
Қосылса көк теңізбен.
Тастап сонда қабрымды
Тәңріге ұшам табынам.
Оған дейін мен оны
Ешқашанда, таныман!
Аттанындар көмгесін,
Үзіндер бұғау темірді!
Жау қанымен суғарып,
Көгертіңдер өмірді!
Мені де, Ұлы Отанды
Жаңа ел - үлкен өлкеде
Ескериңдер ұмытпай,
Шапағатпен әр кезде!
Перевод А.Таджибаева